- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
22 ақпан, 2026
- Жансейіт Түймебаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаева бастаған Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің белсенді жастармен кездесуіне қатысты.
- Жансейіт Қансейітұлы ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цоймен кездесті.
- Оқу ордасының басшысы Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
- Ректор «Қазақстандағы конституциялық реформа: мемлекет институттары мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының құқықтық негіздері» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында баяндама жасады.
- ЖОО басшысы Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Туғба Алан Өзденфедакармен келіссөз жүргізді.
- Жансейіт Түймебаев «Ғылым ордасына» қарасты ғылыми-зерттеу институттарының директорларымен серіктесікті арттыру жөнінде пікір алмасты.
- Ректор «Қуыршақтағы құндылықтар» көрмесін ашты.
- Оқу ордасының басшысы жоғары оқу орындарының баспасөз хатшыларының отырысына қатысты.
- ҚазҰУ ректоры Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» көне қолжазбалар институтының делегациясымен кездесу өткізді.
- Жансейіт Түймебаев Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының өкілдерін қабылдады.
- Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан мен Қырғызстандағы Израиль мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Йоав Быстрицкимен жүздесті.
- Ректор жасанды интеллект бағытында ғылыми жобаларды іске асырып жатқан оқу ордасының жас ғалымдарымен кездесті.