Стоматология кафедрасының студенттері қаржылық сауаттылық мәселелерін талқыладыFarabi University
Референдум 15 марта

Стоматология кафедрасының студенттері қаржылық сауаттылық мәселелерін талқылады

18 ақпан, 2026

Кафедра стоматологиясында кураторлық сағат аясында «Қаржылық тәртіп және қаржылық әдеттер» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шара барысында студенттер қаржыны тиімді басқару, жеке бюджет құру, табыс пен шығынды жоспарлау, сондай-ақ үнемдеу дағдыларын қалыптастыру жөнінде маңызды ақпарат алды. Қаржылық сауаттылықтың болашақ маман ретінде де, жеке тұлға ретінде де маңыздылығы жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында білім алушылар өз пікірлерімен бөлісіп, күнделікті өмірдегі қаржылық әдеттерді жетілдіру жолдарын бірге қарастырды. Ашық форматта өткен іс-шара студенттердің қызығушылығын арттырып, қаржылық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тиімді алаң болды.

Қаржылық тәртіп — табысты болашақтың негізі!