«Заңды білу – заман талабы: студенттердің құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігі»Farabi University

«Заңды білу – заман талабы: студенттердің құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігі»

19 ақпан, 2026

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Заң факультетінде «Заңды білу заман талабы: студенттердің құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігі» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Басты спикер ретінде Алматы қаласының Алмалы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры – Орынбасар Абдықадыр шақырылды. Сондай-ақ кездесуге Заң факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жақсылық Русланұлы Есламғалиев пен Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Қанат Насырұлы Алихан қатысты.