EGEMEN.KZ

11 мамыр, 2016

Еscap-тың Алматыдағы басқосуы

Еscap-тың Алматыдағы басқосуы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Ғылыми кітапханасында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЕSCAP): «Азия және Тынық мұхит аймақтарында экономикалық және әлеуметтік зерттеуді іске қосу: 2016 жыл»  атты дөңгелек үстел өтті. Экономикалық тұрғыдан ма­ңызды бұл іс-шара, тек біздің елімізде ғана емес, бұған дейін Азия­ның бірқатар елдерінде өткізіл­генін атап өтуге тиістіміз. ЕSCAP БҰҰ-ның әлемдік аймақ­тар­дағы экономикалық және әлеу­мет­тік саланы қамтитын бес ұйы­мының бірі саналады.  Штаб-пәтерлері Бангкокта (Тайланд) орналасқан. Жиын барысында, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы дирек­торы Алматы бөлімшесінің орын­басары Сергей Токтаров,  Біріккен Ұлттар Ұйымының жалпы және ЕSCAP-тың хатшысы Шах­мад Актар арнайы дайын­далған бейнематериалдар әлем және Азия аймағындағы елдер­дің бүгінгі экономикалық хал-ахуа­лы туралы баяндады. Солтүс­тік және Орталық Азия аймағын­дағы ЕSCAP бюросының кеңес­ш­ісі Николай Помощников, Қазақ­стан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алма­ты қаласындағы өкілі Дидар Жә­кенов, Алматы қаласы әкімдігінің «Ал­маты қаласын дамыту орта­лығы» АҚ-тың вице-төрағасы Айдос Жексенбай, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Ұлттық банкі зерттеу және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин  баяндама жасап, есеп берді. Қазіргі Қазақстан эконо­ми­касының қарышты алға басуына әлемдік дағдарыс кері әсерін тигіз­бей жатқан жоқ. Осы туралы ортақ пікірлер назарға ұсы­нылды. Көршілес Қытай және Ресей мемлекеттерімен эконо­ми­калық байланыстардың көкжие­гіне шолу жасалды. Сонымен қатар, Азия елдерінің мәдени және экономикалық тығыз байла­ныста болуы қандай да бір қиын­шы­лықтарды жоюға мүмкіндік беретіндігі туралы да келелі ойлар ортаға салынды.

                                                                                                                                                                           Қымбат ТОЙЛЫБАЙ