«Толеранттылық және өзара сыйластық» (БҰҰ ТДМ 4, 10, 16) кураторлық сағаты
2026 жылғы 19 ақпанда «Толеранттылық және өзара сыйластық» тақырыбында Өндірістік электроника және басқару жүйелері мамандығының 2-ші курс студенттеріне кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге толеранттылық ұғымының мәні, қоғамдағы өзара құрмет мәдениетінің рөлі, адамдар арасындағы қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау қажеттілігі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда, оқу орнында және отбасында өзін ұстау мәдениеті, пікір алуандығына құрметпен қарау, конфликт жағдайларын мәдениетті түрде шешу жолдары туралы нақты мысалдар келтірілді. Куратор толеранттылықтың тұлғалық дамуға, ұжымдық ынтымақтастыққа және әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал ететін маңызды құндылық екенін атап өтті. Қарым-қатынаста сабырлылық, түсіністік және жауапкершілік танытудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Студенттер өз ойларымен бөлісіп, күнделікті өмірде кездесетін қарым-қатынас жағдайларын талқылады және оларды дұрыс шешу жолдарын ұсынды. Пікір алмасу барысында қатысушылар өзара сыйластық пен мәдениетті қарым-қатынас адамдар арасындағы сенімді арттырып, жағымды орта қалыптастыратынын атап өтті. Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, олардың қызығушылығын оятып, толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға оң әсер етті.