ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА – ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЗЕРТТЕЙТІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТЫҚ БАҒЫТFarabi University

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА – ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЗЕРТТЕЙТІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТЫҚ БАҒЫТ

20 ақпан, 2026
ТДМ-4 Цифрлық медианың дамуы экологиялық журналистиканың ықпалын арттырып, әлеуметтік желі, деректі фильм, мультимедиялық репортаж т.б. арқылы экологиялық мәселелер аудиторияға кеңінен тарап отыр. 
2026 жылдың 20 ақпанында Журналистика факультетінің 203 топ студенттері (эдвайзері доцент Р.С. Жақсылықбаева) «Экологиялық журналистиканың медиа кеңістіктегі рөлі» тақырыбында кураторлық сағат өткізіп, қазіргі медиа кеңістіктегі журналистердің табиғатты қорғау туралы хабар таратып қана қоймай,  экологиялық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, су ресурстары, өндірістік қалдықтар сияқты өзекті мәселелерді де қарастырып отырғандығын талқылады. 
Нәтижесінде, студенттер экологиялық журналистиканың медиа кеңістіктегі ақпараттық қызметін (экологиялық апаттар, заңнамалық өзгерістер, ғылыми жаңалықтар туралы дер кезінде хабарлау); ағартушылық қызметін (қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру, жауапты тұтыну мен табиғатты қорғау құндылықтарын насихаттау); бақылаушылық қызметін (өндіріс орындары мен мемлекеттік органдардың экологиялық талаптарды сақтауын қоғамдық бақылауда ұстау)  тұжырымдап, табиғатты қорғау мәселесі экологиялық журналистиканың қоғамдағы айшықты орны екендігін айқындады.