Қалалық зерттеулерFarabi University
Референдум 15 марта

Қалалық зерттеулер

18 ақпан, 2026

2026 жылдың 18 ақпанында "Политолог" студенттік дискуссиялық клубында Вена университетінің География және аймақтану кафедрасының "Қалалық зерттеулер" жұмыс тобының жетекшісі, профессор Керстин Крелленбергпен «Тұрақты қалалық даму саласындағы трансформацияны зерттеу және оқытудың пәнаралық тәсілдері мен әдістері» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара Тұрақты дамудың 11-мақсаты «Тұрақты қалалар және қалалық кеңістіктер» қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Қонақ дәрісі кезінде студенттер қалалар мен қалалық кеңістіктерді зерттейтін сала - қалатану саласындағы зерттеулердің озық тәсілдері мен қағидалары туралы білді.
Студенттер, оқытушылар және қонақ дәріскер саясаттану, география және қалатану саласындағы ғылыми тәсілдердің қиылысында, сондай-ақ қалалық кеңістіктің тұрғындары мен пайдаланушылары ретіндегі жеке тәжірибелері туралы жемісті пікірталасқа қатысты. Олар қазақстандық және еуропалық тәжірибеден идеялар, тәжірибелер және мысалдармен алмасып, одан әрі