СТУДЕНТТЕР  «МАМА» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫFarabi University

СТУДЕНТТЕР  «МАМА» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ

22 ақпан, 2026
ТДМ-4 2026 жылғы 22 ақпан күні ЖУРНАЛИСТИКА факультетінің студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында қойылған «Мама» спектаклін тамашалады.
Аталған мәдени іс-шараға қазақстандық студенттермен қатар, академиялық ұтқырлық аясында білім алып жүрген Қырғызстаннан келген студенттер де қатысты. Бұл кездесу түрлі ел жастары арасындағы мәдени байланыс пен рухани үндестікті арттыруға мүмкіндік берді.
Қойылымда ана мен бала арасындағы терең психологиялық байланыс, отбасы құндылығы, мейірім мен жауапкершілік тақырыптары көркем түрде ашылды. Әсерлі сахналар мен актерлік шеберлік көрермендерге ерекше ой салып, үлкен әсер қалдырды.
Студенттер спектакльден кейін өзара пікір алмасып, театр өнерінің тәрбиелік маңызына тоқталды. Мұндай мәдени шаралар жастардың рухани дамуына, ұлттық өнерге қызығушылығының артуына және халықаралық достықтың нығаюына ықпал етеді.
Алдағы уақытта да студенттердің мәдени-танымдық бағыттағы іс-шараларға белсенді қатысуы жалғасады.