- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі Наманган мемлекеттік университетімен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі Наманган мемлекеттік университетімен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Наманган мемлекеттік университетінің (Өзбекстан Республикасы) делегациясымен жұмыс кездесуі өтті.
Делегация құрамында:
- Дехконов Даврон — халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор;
- Уринов Бахром — Экономика факультетінің деканы;
- Хайдаралиев Шухратжон — Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы болды.
Кездесуге Экономика және бизнес жоғары мектебінің басшылығы мен кафедра өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу және халықаралық конференциялар ұйымдастыру бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, білім беру сапасын арттыруға және ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта ынтымақтастықты кеңейту және нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді.
Бұл кездесу Экономика және бизнес жоғары мектебінің халықаралық байланыстарын нығайтудағы және өңірдің жетекші университеттерімен серіктестікті кеңейтудегі маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар