Цифрландыру – бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолыFarabi University
Референдум 15 марта

Цифрландыру – бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолы

25 ақпан, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың осы жылды «Цифр­лан­дыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауы еліміздің дамуында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Бұл бастама білім мен ғылым саласына, соның ішінде жоғары оқу орын­дарының қызметіне тікелей әсер ететін маңызды стратегиялық шешім. 

Бүгінде цифрлық тех­ноло­гия­лар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің барлық сала­сы­на терең еніп келеді. Білім беру жүйесінде бұл үрдіс оқыту әдіс­терінің жаңаруына, ғы­лы­ми зерттеулердің тиімділігін арт­тыруға және студенттердің за­манауи дағдыларды мең­ге­руіне кең мүмкіндік ашуда. Уни­вер­си­теттер тек білім бе­ре­тін мекеме емес, инновация мен жаңа тех­нологиялардың ор­талығына ай­­налуы тиіс. Ақ­па­раттық тех­но­­логиялар және жасанды ин­теллект, Big Data, цифрлық плат­формалар бола­шақ ма­ман­дар үшін негізгі құзы­рет­тер­дің біріне айналуда. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары оқу орындарының цифрлық ин­фра­құрылымды дамытуы – уа­қыт талабы. 

Президент атап өткендей, бас­ты мақсат – адами капи­тал­ды нығайту. Бұл міндетті жү­зеге асыруда универ­си­тет­тер­дің рөлі ерекше. Ғылыми әлеу­ет­ті арттыру, жас ға­лым­дар­ды қол­дау, халықаралық тә­жірибені енгізу арқылы ғана цифрлық экономиканың берік не­гізін қа­лып­тастыруға бо­ла­ды.

Білім мен ғылым сала­сын­дағы цифрландыру – елдің бә­се­кеге қабілеттілігін артты­ру­дың сенімді жолы. Сондықтан жо­ғары оқу орындары жаңа тех­нологияларды меңгерген, өзгерістерге бейім, ойы озық ма­мандарды даярлауға ба­сым­дық беруде.

Осындай мемлекеттік ша­­ра­ларды жүзеге асыруда Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің ақ­­па­раттық тех­нологиялар және жасанды интеллект факуль­те­тінің оқы­ту­шы-профессорлар қауымы да қажетті IT-ма­мандар мен жас ғалымдарды даяр­лау үшін білімі мен ғылыми туын­ды­ларын және жігерлі ең­бегін қосуды өздерінің аза­мат­тық борышы деп санайды. 

Гүлнұр

ҒАЗИЗҚЫЗЫ,

ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің

әлеуметтік-тәрбие жөніндегі

декан орынбасары,

PhD