ТДМ 15. Құрлық экожүйелерін сақтау» тақырыбы аясында тәрбиелік сағат
17 ақпан, 2026
Алпысбаева Айгүл Ерболатқызы, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 4-курс эдвайзері ретінде, 2026 жылғы 17 ақпанда №17 жатақханада «ТДМ 15. Құрлық экожүйелерін сақтау» тақырыбы аясында тәрбиелік сағат өткіздім.

Іс-шара барысында студенттермен құрлық экожүйелерінің маңызы, биоалуантүрлілікті сақтау, ормандарды қорғау, жердің тозуының алдын алу және экологиялық жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Студенттер белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді және табиғатты қорғау бағытында жеке жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Тәрбиелік сағаттың мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және тұрақты даму қағидаттарын насихаттау болды.
Басқа жаңалықтар
26 наурыз, 2026
26 наурыз, 2026
26 наурыз, 2026