ҚазҰУ-да профессор Меруерт Сакеновнаға университет атынан туған күніне орай құрмет көрсетілдіFarabi University
Референдум 15 марта

ҚазҰУ-да профессор Меруерт Сакеновнаға университет атынан туған күніне орай құрмет көрсетілді

26 ақпан, 2026

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоратында өткен Ректор аппаратының кеңесінде Биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Сакеновнаны университет ректоры Жансейіт Қансейітұлы туған күнімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады.

Ректор аппаратының кеңесі барысында университет ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы мерейлі туған күн иесі Курманбаева Меруерт Сакеновнаның ғылым мен жоғары білім беру саласындағы көпжылдық жемісті еңбегін, жоғары кәсібилігін және университеттің дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

Кеңес барысында университет ректоры Меруерт Сакеновнаға университет атынан арнайы құттықтау хатын салтанатты түрде табыстады.

Құттықтау хатында:

Құрметті Меруерт Сакеновна!

Сізді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымы және өз атымнан туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз – ғылым мен білім саласында өзіндік қолтаңбасы бар, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ұжымға бағыт-бағдар бере білетін көреген басшысыз.

Факультеттің дамуы, ғылыми әлеуетінің артуы, білім беру сапасының нығаюы жолындағы жүйелі еңбегіңіз зор құрметке лайық. Сіздің жетекшілігіңізбен көптеген ғылыми жобалар жүзеге асып, жас ғалымдар мен студенттердің жаңа белестерді бағындыруына кең жол ашылуда.

Ұжым арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайтудағы еңбегіңіз ерекше бағалауға ие. Табандылығыңыз бен жаңашылдыққа ұмтылысыңыз әріптестеріңіз үшін үлгі, жас мамандар үшін үлкен мектеп болып табылады.

Алдағы жоспарларыңыз жемісті болсын! Жақындарыңыз бен әріптестеріңіздің алдында әрдайым құрметке бөленіп, отбасыңызға құт-береке, қызметіңізге толағай табыс тілеймін!

Құрметпен,
Университет ректоры

Осылайша, Ректор аппаратының кеңесі барысында Меруерт Сакеновнаға ғылым мен жоғары білімді дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріліп, университет ұжымы атынан зор құрмет көрсетілді.

Биология және биотехнология факультетінің ұжымы факультетіміздің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Сакеновна туған күнімен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздің ғылым мен білім саласына, факультетіміздің дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегіңізді ерекше мақтан тұтатынымызды білдіреміз.

Сіздің жоғары кәсібилігіңіз, парасатты басшылығыңыз және ұжымды ортақ мақсатқа жұмылдыра білетін қабілетіңіз – баршамыз үшін үлкен үлгі. Біз Сіздің жетекшілігіңізбен факультетіміздің жаңа жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырып келе жатқанын зор мақтанышпен атап өтеміз.

Осы мерейлі күніңізде Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, жауапты қызметіңізде толағай табыстар мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз. Алдағы уақытта да факультетіміздің және университетіміздің өркендеуіне қосар үлесіңіз мол болып, абырой биігінен көріне беруіңізге тілектеспіз.