«Заң және студент: құқық пен тәртіп» - құқықтық дәрісFarabi University
Референдум 15 марта

«Заң және студент: құқық пен тәртіп» - құқықтық дәріс

20 ақпан, 2026

2026 жылдың 20 ақпанында Филология факультетінің 3-2 аудиториясында сағат 10:00-де «Заң және студент: құқық пен тәртіп» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы бағыты «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» аясында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

   Кездесуге арнайы шақырылған ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлері студенттерге мазмұнды лекция оқыды. Шақырылған қонақтар: ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлері:

- Тельтаев Бекжан Бекенұлы – Дене шынықтыру кафедрасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі;

- Нұрланұлы Ержан – Дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі;

- Асанова Сағира Жұмабековна – Дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі;

- Рюстемова Жанна Александровна – Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының доценті, полиция подполковнигі;

- Заппаров Рысхан Арапханович – Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры.

   Мамандар өз сөздерінде заманауи қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне кеңінен тоқталды. Лекция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, есірткі заттарының таралуына жол бермеу және жастар арасында белең алып жатқан «дроппинг» секілді қылмыстық схемалардың қаупі туралы өзекті ақпараттар берілді.

     Теориялық білімді нығайту мақсатында қонақтар тарапынан арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Визуалды материалдар арқылы студенттер заң бұзушылықтың соңы қандай ауыр салдарға әкелетінін нақты мысалдармен көре алды. Кездесу соңында еркін пікір алмасу форматында интерактивті «сұрақ-жауап» сессиясы ұйымдастырылды. Студенттер өздерін мазалаған сауалдарын қойып, құқық қорғау саласының мамандарынан керекті жауаптар алды.

  Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серікқазықызы Ақбота, аға эдвайзер Қанат Аширкулов, кафедра доценті Марина Жамбылқызы, кафедра оқытушысы Ақжигитова Арайлым.