Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасы Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті студенттеріне қонақ дәрістер өткіздіFarabi University
Референдум 15 марта

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасы Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті студенттеріне қонақ дәрістер өткізді

25 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті арасындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту Ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған қонақ дәрістер форматында кезекті практикалық жалғасын тапты. 2026 жылғы 26 қаңтар мен 25 ақпан аралығында 4 курс студенттеріне «Салықтық әкімшілендіру» пәні бойынша қашықтықтан дәрістер сериясы өткізілді. Қонақ дәрістерді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісінің жетекшілігімен ұйымдастырды. Қонақ дәрістердің спикері ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD, доценті Гүлмира Несіпбекқызы Аппакова сөз сөйледі.

Дәрістер барысында салықтық әкімшілендірудің заманауи тәсілдері, Қазақстан Республикасының салық саясатының ерекшеліктері қарастырылып, сондай-ақ салықтық рәсімдердің салыстырмалы талдауы ұсынылды. Сонымен қатар салықтық бақылауды цифрландыру және салық заңнамасын сақтаудың халықаралық тәжірибесі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер жоғары қызығушылық танытып, кәсіби пікірталастарға белсенді қатысты, бұл олардың білімін кеңейтуге және салық жүйесінің дамуындағы заманауи үрдістерді тәжірибелік тұрғыдан түсінуіне ықпал етті.

Бұған дейін, 2025 жылғы 1–30 қараша аралығында академиялық ынтымақтастық аясында Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің доценті Тамара Сабырқызы Имралиева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне қонақ дәрістер өткізген болатын.

Қонақ дәрістерді тиімді ұйымдастыру университеттер арасындағы білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ықпал етеді.