Жүрсін Ерман Қазақстанның халық жазушысы
25 ақпан, 2026
ТДМ-17 ҚазҰУ түлектерінің өз статистикасы бар ғой. "Халық жазушы" атағына күні бүгінге дейін барлығы 51 қаламгер ие болыпты. Ақын, ҚазҰУ түлегі Жүрсін Ерман халық жазушысы атағына ие болған сол 51--ші тұлға.
Жалпы "Халық жазушысы" атағына ие болған 51 қаламгердің 15-сі ҚазҰУ түлектері екен. Яғни, "Халық жазушысы" атағына ие болған әрбір үшінші тұлға ҚазҰУ түлегі десек жаңылмаймыз. Солардың тұғырлы қатарында енді ақын, айтыстың ақтаңгері Жүрсін Молдашұлы Ерман ағамыз да бар. Құтты болсын!
Мемлекет басшысы 2023 жылы 17- маусымында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында өткен II Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағын қайтару туралы шешімін жариялағаны есте. 2023 жылдан бері бұл атаққа Төлен Әбдік, Смағүл Елубай, Бексұлтан Нұржекеұлы, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Темірхан Медетбек, Валерий Михайлов, Исраил Сапарбай, Ғаббас Қабышұлы, Марфуға Айтқожина ие болған екен.
Суретте ҚазҰУ-ды 50 жыл бұрын бітірген түлектер Жүрсін Ерман мен Тұрсын Жұртбай ағаларды Басқарма төрағасы - ректор Жансейіт Қансейітұлы арнайы қабылдап, құттықтаған сәті.
Мерейжасты 75-тің мол белесіне шығып отырған ҚазҰУ түлегі Жүрсін ағамызды аса жоғары марапатымен құттықтаудың да реті бұл. Мерейжасыңыз құтты болсын алаштың асқар бел азаматы!
Басқа жаңалықтар
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026