Кәсіби бағдар беру жұмыстары өткізілдіFarabi University

Кәсіби бағдар беру жұмыстары өткізілді

26 ақпан, 2026

 

Болашақ талапкерлерге кәсіби бағыт-бағдар беру, олардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына қолдау көрсету мақсатында М. Базарбаев атындағы №138 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушылары Максутова Ш.У. және Сәндібек Д.Е. қатысып, жоғары сынып оқушыларына кафедра жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Кездесу барысында «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу және ақпараттық жүйелер және жасанды интеллект (ВИСсИИ)» білім беру бағдарламалары кеңінен таныстырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға аталған мамандықтардың білім беру мазмұны, оқыту ерекшеліктері, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру бағыттары және түлектердің болашақтағы мансаптық мүмкіндіктері туралы толық мәлімет берілді. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар саласының қарқынды дамуы, цифрландыру үдерісінің күшеюі және жасанды интеллект бағытындағы заманауи үрдістер аясында IT-мамандарға деген сұраныстың артып отырғаны ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында талапкерлерге оқу үдерісінің артықшылықтары, заманауи материалдық-техникалық база, өндірістік және дипломалды тәжірибеден өту мүмкіндіктері, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу, инновациялық бастамаларды жүзеге асыру, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламалары жөнінде ақпарат берілді.