- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (8-10 сәуір, 2026 жыл)
«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (8-10 сәуір, 2026 жыл)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2026 жылдың 8-10 сәуір аралығында өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ студенттері, магистранттары және 40 жасқа дейінгі жас ғалымдары қатыса алады.
Қатысушылардың баяндамалары секциялық отырыстарда 2026 жылдың 8-10 сәуір аралығында ғылымның әр түрлі саласындағы ғылым жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалатын болады.
Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Жас ғалымдар мен студенттердің конференциясы аясында ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінде келесі секциялар жұмыс істейді:
Секция 1. Ботаника және агроэкология саласындағы инновациялар
Секция 2. Жануарлардың биоалуантүрлілігі, экологиясы және морфологиясы
Секция 3. Биофизика, физиология, биологиялық білім, биомедицина және нейроғылымның қазіргі заманауи мәселелері
Секция 4. Генетика, молекулалық биология және экология өзекті мәселелері
Секция 5. Биотехнологияның қазіргі заманауи мәселелері
Секция 6. Ғылымға бастама (мектеп оқушыларына арналған)

Тезистерді рәсімдеуге қойылатын талаптар
• Тезистердің жалпы көлемі A4 форматындағы 1 беттен аспауы тиіс (450-500 сөз немесе 3200-3500 таңба, бос орындарды қоса алғанда). Графикалық материалдар, кестелер немесе фотосуреттер болған жағдайда көлемі 2 бетке дейін рұқсат етіледі.
• Мәтін тек Microsoft Word форматында (2021 нұсқасы және одан жоғары) (*.doc, *.docx) қабылданады.
• Бет форматы: A4, кітапша бағыты.
• Бет жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол жақ – 2 см, оң жақ – 2 см.
• Колонтитулдар мен беттерді нөмірлеуге жол берілмейді.
• Тезис мәтінін туралау – ені бойынша (justify).
Қаріп және абзацты рәсімдеу
• Қаріп: Times New Roman немесе KZ Times New Roman.
• Негізгі мәтіннің қаріп өлшемі – 12 pt.
• Жоларалық интервал – бірлік.
• Абзацтық шегініс – 1 см.
• Абзацтар арасындағы интервал (алдында/кейін) – 0 pt.
• Мәтін артық бос орындарсыз, табуляциясыз және шегіністерді қолмен пішімдеусіз терілуі тиіс.
Тезистің құрылымы және міндетті элементтері
Рәсімдеу төмендегі құрылымға қатаң сәйкес болуы тиіс (үлгіге сәйкес):
1. Баяндама атауы:
• қатаң түрде «Тақырыпша/Заголовок» (Heading) стилімен рәсімделеді;
• БАС ӘРІПТЕРМЕН, ҚАЛЫҢ ҚАРІППЕН жазылады;
• атау ішінде жол ауыстыруға жол берілмейді;
• атаудың соңында нүкте қойылмайды;
• ортасына тураланады.
2. Автор(лар)дың аты-жөні – қалың қаріп, 12 pt; алдымен тегі, кейін инициалдары көрсетіледі.
3. Ғылыми жетекші (болған жағдайда) – ғылыми дәрежесі мен атағы көрсетіледі; қалың курсив, 12 pt.
4. Мекеме атауы, қаласы, елі – толық көрсетіледі; қалың қаріп, 12 pt.
5. Автордың E-mail поштасы – міндетті; курсив, 10 pt.
6. Кілт сөздер: (5-7 кілт сөз/сөз тіркесі) негізгі мәтіннің алдында, жақша ішінде.
7. Тезистің негізгі мәтіні – құрылымдалған, логикалық тұрғыдан тұтас, бөлімдер нөмірленбейді.
8. Суреттер, кестелер, формулалар:
• мәтіннің ішінде тікелей орналастырылуы тиіс;
• ортасына тураланады;
• суреттер мен кестелер нөмірленіп, атауы/түсіндірмесі беріледі (мысалы: Сурет 1. – 10 pt);
• кестелердің атауы кестенің жоғарғы жағында беріледі, қаріп өлшемі – 10 pt;
• бейнелердің сапасы басып шығаруға жеткілікті болуы тиіс;
• сапасы төмен скриншоттарды қолдануға жол берілмейді.
9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
• тезистің соңында беріледі;
• дереккөздер нөмірленеді;
• мәтіндегі сілтемелер тік жақшада көрсетіледі: [1], [2] және т.б.;
• қаріп өлшемі – 10 pt, туралау – ені бойынша.
Тіл және баяндау стилі
• Негізгі мәтіннің басында тақырыптың өзектілігін көрсету қажет.
• Мәтін ғылыми, академиялық стильде, ауызекі тіркестерсіз жазылуы тиіс.
• Материал стилистикалық және грамматикалық тұрғыдан мұқият өңделген болуы қажет.
• Ұйымдастыру комитеті жолданған тезистерді редакцияламайды – материалдар авторлық редакцияда жарияланады.
• Орфографиялық және техникалық қателерге жол берілмейді.
Шектеулер және қосымша талаптар
• Бір қатысушы екіден артық баяндамаға автор немесе теңавтор бола алмайды.
• Рәсімдеу талаптарына сай келмейтін, сондай-ақ конференция тақырыбына сәйкес келмейтін материалдар жариялауға қабылданбайды.
• Бір файлда тезистермен бірге авторлар туралы мәліметтер (қатысуға өтінім) қоса берілуі тиіс.
• Файл атауы бірінші автордың тегін қамтуы қажет (мысалы: Zhyenbaev_FarabiAlemi_2026.docx).
Қатысу шарттары
Конференцияға қатысқысы келетіндер 2026 жылғы 27 наурызға дейін тиісті секцияның электрондық поштасына төмендегі материалдарды жолдауы қажет:
1. рәсімдеу талаптарына сәйкес дайындалған баяндама тезистері;
2. конференцияға қатысуға өтінім.
Басқа жаңалықтар