Журналистика факультетінде ақпан айындағы кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті.
27 ақпан, 2026
ТДМ-4 Ғылыми кеңес жұмысы басталмас бұрын, дәстүрге сай, университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасындағы марапаттар, мерейтойлар және басқа да жағымды жаңалықтар атап өтілді.
Осы орайда Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы Әбдіраман Ермахан Шайхыұлы 60 жасқа толуына байланысты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін Күміс медальмен (серебряная медаль) марапатталып, көпшілік алдында құттықталды.
Сонымен қатар университеттің «Стратегиялық даму орталығының» басшысы Жандос Байжұма QS рейтингі, жұмыс берушілермен тығыз әріптестік орнату арқылы рейтингті арттыру және осы бағыттағы өзекті мәселелер жөнінде мазмұнды хабарлама жасады.
Ғылыми кеңес отырысы күн тәртібіне сәйкес өз жұмысын жалғастырды. Күн тәртібіндегі мәселелер аясында факультеттің оқытушы-профессорлық құрамының Хирш индексі, Scopus деректер базасындағы жарияланымдары туралы факультет деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Алтын Бақашқызы баяндама жасады.
Сондай-ақ кафедра меңгерушілері 2025–2026 оқу жылдарына арналған ғылыми жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді.
Факультеттің әдістеме бюросының төрайымы Марлан Оңласынқызы оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері, оның ішінде УМКД, қорытынды бақылау формалары мен платформаларын таңдау, емтихан тапсырмалары, бағалау және балл қою жүйесі жөнінде хабарлама жасады. Ғылыми кеңес отырысы өзге де ағымдағы мәселелерді қарастырумен жалғасты.