АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Farabi University
Референдум 15 марта

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1 наурыз, 2026

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастары!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында: «Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді. Жақындарымызға алғыс айту – оларға рухани қолдау көрсету, қиын кезде қол ұшын созу деген сөз. Қазіргі құбылмалы заманда бұл қасиеттің мән-маңызы ерекше», – деп атап өтті.

Алғыс айту – жүректен шығатын ізгі сезім, адамгершілік пен парасаттың жарқын көрінісі. Мұндай құндылықтар қоғам тұрақтылығының берік негізін қалайды.

Бұл игі ұстанымдар университетіміздің де басты қағидаттарына айналған. Ұжымның кәсіби шеберлігі, ғалымдардың тынымсыз ізденісі, қызметкерлердің жоғары жауапкершілігі мен студенттердің талпынысы оқу ордамызды жаңа белестерге жетелейтініне сенемін.

Өзара сыйластық пен жанашырлық, қолдау мен серіктестік әрдайым арта берсін!

Осындай ынтымағы жарасқан ортада еңбек етіп, білім алып жүрген әрбіріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қуаныш пен берекелі күндер тілеймін.

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ