Кафедра оқытушылары Т.В. Курманова, А.К. Ахмедова, Е.Р. Игнатова, Д.С. Толмачева шетелдік тыңдаушылар арасында тақырыптық кураторлық сағат өткізді, онда оқытушылар Мемлекет Басшысының бағдарламалық баяндамалардың бірінде ұсынған "заң және тәртіп" тұжырымдамасына қатысты тезистері туралы айтты. Шетелдік студенттер "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы азаматтардан бастап мемлекеттік құрылымдарға дейін құқық үстемдігін сақтайтын қауіпсіз және әділ қоғам құруға бағытталған іргелі қағида екенін білді. Ол құқық тәртібін нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған. Қазақстанда азаматтардың жауапты мінез-құлқы, қылмысты азайту және құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайту арқылы әділ Қазақстанды құруға бағытталған 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама қабылданды. Аталмыш тақырыпты түсіндіру барысында оқытушылар бейне презентация көрсетті. Шетелдік тыңдаушылар ұсынылған ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады.
Басқа жаңалықтар