Олжас Сүлейменов - 80 жаста
Олжас Сүлейменов - 80 жаста. Вы находитесь: Главная » Жаңалықтар легі» Олжас Сүлейменов - 80 жаста Олжас Сүлейменов - 80 жаста 05.05.2016 17:39:23 "ХХІ ғасыр адамы" атағының иегері, ақын Олжас Сүлейменов - 80 жаста. Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі ақынның мерейтойына орай ғылыми конференция өтті. Оған танымал автордың өзі де қатысты. Қаламгердің замандастары және ізбасарлары Олжасты тану туралы айтып, оның шығармаларындағы танымдық ойлар мен өзгеден ерекшеленіп тұратын тіркестердің терең мазмұнына үңілді. Ұлт зиялылары естелік айтып, Ұлттық университет ақынның иығына шапан жапты. Қазақстанның халық жазушысы атанған автор - халықаралық антиядорлық «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері. Олжас Сүлейменов 1961 жылы жазған «Адамға табын жер енді» поэмасымен дүниежүзіне қалай танылса, сол биігінен, өзінің сол рухани ұлы кеңістігінен жазбай, жаңылмай келеді,- дейді қаламгердің әріптестері. "Уақыт, Олжас Омарұлын үлкен сындарға салды. Соның бәрінен қаламгер ретінде, ақын ретінде, қайраткер ретінде өз халқының аяулы перзенті ретінде жаңылмай өмір сүруге, өзі айтпақшы анасына айтатын өлеңде: «Мен ешкімге өтірік айтып көргем жоқ» - деген. Міне тура сондай ғұмыр кешкен",- деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан ОРАЗАЛИН. "Олжас қазақтың намысын қорғаймын деп шыққан, қазақтың тағдырын ойлаймын деп шыққан. Оның жолдарын іздеді. Терең тарихқа барды. Дүниежүзіне барып, отаршылдыққа қарсы күрестің тәжірибесін жинай білді. Соның барлығын келді де біздің ортаға салды. Олжастан артық, өзінің өлеңін оқыған 60-70 жылдары ақын болған жоқ",- деді қоғам қайраткері Мұрат ӘУЕЗОВ.