- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тарих факультетінде педагогикалық практика аясында ашық семинар сабағы өткізілді
Тарих факультетінде педагогикалық практика аясында ашық семинар сабағы өткізілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тарих факультетінде педагогикалық практика шеңберінде Археология және этнология кафедрасының Археология мамандығы бойынша 1- курс докторанты Адилова Камчат Ауелхановна факультеттің «Археология» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттеріне «Антикалық археология» пәнінен ашық семинар сабағын өткізді.
«Антикалық Грекия тұрмысы мен мәдениеті» тақырыбындағы ашық семинар сабағы барысында ерте кезеңдегі грек қоғамының әлеуметтік құрылымы, күнделікті тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы және мәдени құндылықтары жан-жақты талданды. Сонымен қатар ежелгі Грек өркениетінің материалдық және рухани мәдениетіне қатысты негізгі мәселелер қарастырылып археологиялық зерттеулер мен тарихи деректер негізінде кешенді талқылау жүргізілді.
Ашық семинар академиялық және интерактивті форматта ұйымдастырылып, студенттердің пікір білдіру, талдау және ғылыми ой қорыту дағдыларын дамытуға бағытталды. Студенттер тақырып аясында өз көзқарастарын еркін білдіріп, тарихи-мәдени үдерістерді түсіндіруде белсенділік танытты. Ашық сабаққа факультет оқытушылары мен докторанттар және практика жетекшісі аға оқытушы Б. Бесетаев қатысты.
Ашық сабақ педагогикалық практика аясында ұйымдастырылып, жас зерттеушінің кәсіби-педагогикалық тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар