- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҰБТ-ға дайындық: «Құқық негіздері» пәні бойынша 11 сынып оқушыларына арналған курс
ҰБТ-ға дайындық: «Құқық негіздері» пәні бойынша 11 сынып оқушыларына арналған курс
🗓️ 2026 жылғы 2–28 ақпан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы Әлімғазы Гүлмарал Серікқызы Алматы қаласындағы №128 М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларына дайындық курсын өткізді.
📚 Курс БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда ТДМ №4 «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылып, «Құқық негіздері» пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындыққа бағытталды.
🏫 Сабақ барысында білімді жүйелеу және тереңдету, типтік тест тапсырмаларын талдау, құқықтық ойлау дағдыларын қалыптастыру және түлектердің ҰБТ-ны сәтті тапсыруға дайындық деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға оқу материалын меңгерудегі қиындықтарды еңсеруге бағытталған әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетілді.
Басқа жаңалықтар