Болашақ журналистер жылы қабылдады
Болашақ журналистер жылы қабылдады. Бұл шараға "Түркістан" газетінің бас редакторы Шамшидин Паттеев, журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, факультет профессорлары Сағымбай Қозыбаев, Клара Қабылғазина, Аманқос Мектептегі қатысып, құнды кітап төңірегінде пікірлерін айтты. Студенттерге өз тәжірибесі төңірегінде түрлі кеңес берен кітап авторы Нұртөре Жүсіп: "Басылымның қандай түрінде қызмет істесем де, мен азаматтық көзқарасымды алға қоямын. Ол біріншіден қасиетті қарашаңырақ - ҚазҰУ берген дипломды ақтау, екіншіден ұжыммен дайындап отырған газетімді кәсіби деңгейде шығару, үшінші құрылтайшының талап-тілегінен шығу керек, ал төртінші редакция қызметкерлерінің еркін жұмыс жасауына мүмкіндік беру",-деді. Естеріңізде болса, Нұртөре Жүсіп бұдан бөлек "Біз кімнен кембіз?", "Елес пен белес", "Егемендік лебі: Ел мен жер" атты публицистикалық жинақтардың авторы. "Мың құмырсқа және біз"кітабында ел мен жер, тіл мәселесі өткір қозғалады. "Біз дегеніміз -"біз",-деген автор, өзекті мәселеге біз тыққандай әсер қалдырады. Тұсаукесер рәсімінде студенттер журналистика саласындағы ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алды.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ