«Ұстазға алғыс – білімге құрмет»Farabi University
Референдум 15 марта

«Ұстазға алғыс – білімге құрмет»

3 наурыз, 2026

1 наурыз – Алғыс айту күні аясында және ТДМ-4 «Сапалы білім беру» мақсаты шеңберінде 2026 жылғы 3 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті Компьютерлік ғылымдар кафедрасының Компьютерлік инженерия мамандығының 2 курс қазақ тобында «Ұстазға алғыс – білімге құрмет» тақырыбында ашық кураторлық тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген тағылымды сөзімен үндесе отырып ұйымдастырылды. Кураторлық сабақтың басты мақсаты – студенттердің ұстаз еңбегіне деген құрметін арттыру, білім мен тәрбиенің өзара байланысын түсіндіру, сондай-ақ ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани сабақтастықты нығайту болды.

Ашық сабақ «Ұстаз және шәкірт» блиц-сұхбаты форматында ұйымдастырылып, мазмұнды әрі әсерлі өтті. Кездесу барысында студенттер мен ұстаздар білімнің қоғамдағы маңызы, ұстаздық еңбектің құндылығы, кәсіби жауапкершілік пен өзара сыйластық туралы пікір алмасты. Студенттер өз ұстаздарына алғыс білдіріп, олардың тұлғалық қалыптасу мен кәсіби бағыт-бағдар берудегі ерекше рөлін атап өтті.

Іс-шараға факультет пен кафедраның құрметті қонақтары қатысты:

– Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары, аға оқытушы Г.Г. Газиз;

– Деканның оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.А. Саметова;

– Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Закариянова.

Қонақтар өз сөздерінде ұстаздық қызметтің қоғамдағы ерекше маңызына тоқталып, студенттерге білім жолында табандылық пен жауапкершілік тіледі. Іс-шара жылы әрі рухани атмосферада өтіп, ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара құрмет пен сенімнің маңызын айқындай түсті.

Қорытындылай келе, өткізілген ашық кураторлық сабақ студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтып, білімге деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті. Ұстазға алғыс айту – білімге деген шынайы құрметтің көрінісі екені тағы бір мәрте айқындалды.

  Куратор Максутова Бота Абильсеитовна.