ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУ: ЕЛ БОЛАШАҒЫНА СЕНІМДІ БАҒДАР
Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектеновтің «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарық көрген мақаласы өзектілігімен ерекшеленеді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік басқарудағы тиімділік, инвестициялық ахуал, өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері кеңінен қамтылған. Сонымен қатар халықтың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және өңірлердің теңгерімді өсуі секілді стратегиялық бағыттар нақты деректермен негізделген.
Премьер-министрдің ой-толғамдары қазіргі жаһандық экономикалық жағдайда Қазақстанның тұрақты даму жолын айқындауға бағытталған. Мақалада реформалардың нәтижелері мен алдағы міндеттер айқын көрсетіліп, Үкімет жұмысының басым бағыттары жүйелі түрде баяндалады.
Мемлекеттік саясаттың басымдықтарын түсіндіруге және қоғаммен ашық диалог орнатуға басымдық береді.
Президент бастамаларының сабақтастығын жан-жақты атап өтеді және оларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалармен тығыз байланыстырады.
ОРНЫҚТЫ ДАМУ – ОРТАҚ МАҚСАТ
Мақала бірнеше маңызды саяси месседжді қамтиды. Сонымен қатар саяси тұрақтылық, сабақтастық және басқару тиімділігі идеясын нығайтады.
Реформаларды жүйелі түрде көрсетіп, нақты көрсеткіштерге сүйенген. Ұзақ мерзімді стратегиялық перспектива ұсынған. Институционалдық сабақтастықты айқындайды. Сол себепті Қазақстан дамуы жоспарлы және институционалдық негізде жүзеге асып жатыр деп тұжырымдауға болады.
Автор Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ету, инвестиция тарту, өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі саясатты қамтиды.
Сонымен қатар жаһандық сын-қатерлер жағдайында тиімді мемлекеттік басқару және өңірлік дамуды теңестіру қажеттігі баса айтылған.

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БЕРІК МЕМЛЕКЕТ
Мақалада сарапталған экономиканы әртараптандыру, инновацияны дамыту, адами капиталды күшейту секілді басымдықтар тікелей білім мен ғылым саласына қатысты.
Біріншіден, тұрақты экономикалық өсім сапалы білім мен заманауи ғылыми зерттеулерге сүйенеді. Университеттер – жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтардың негізгі орталығы. Сондықтан мақалада айтылған өндірісті жаңғырту, цифрландыру және инвестиция тарту міндеттері жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін арттырумен тығыз байланысты.
Екіншіден, адами капиталды дамыту – реформалардың басты бағыты. Бұл – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, академиялық ұтқырлықты кеңейту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту деген сөз. Университет қауымы үшін бұл стратегиялық міндеттер кәсіби жауапкершілікті күшейтеді.
Үшіншіден, ғылым мен өндіріс интеграциясы – ел дамуының негізгі тетігі. Ғылыми зерттеулердің нәтижесін нақты секторға енгізу, стартап жобаларды қолдау, жас ғалымдарды ынталандыру мақалада айтылған экономикалық жаңғырудың маңызды құрамдас бөлігі.
Демек, университет ұжымы үшін бұл жарияланым тек саяси-экономикалық құжат емес, сонымен бірге білім мен ғылым саласының болашағын айқындайтын маңызды бағдар деуге болады.
Басқа жаңалықтар