- Басты бет
- Жаңалықтар
- 1 наурыз – Физика-техникалық факультетінің Электроника және астрофизика кафедрасының алғыс күні (ЦУР 4: Сапалы білім)
1 наурыз – Физика-техникалық факультетінің Электроника және астрофизика кафедрасының алғыс күні (ЦУР 4: Сапалы білім)
1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай Физика-техникалық факультетінің Электроника және астрофизика кафедрасы Физика-техникалық факультеті аға оқытушысы Қызғарина М.Т. жетекшілігімен 351-топ студенттеріне «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығында «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара 2026 жылдың 2 наурызында сағат 16:00-де 411 аудиторияда ұйымдастырылды. Кураторлық сағаттың басты мақсаты – студенттер арасында сыйластық, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді дамыту, бір-біріне және қоршаған ортаға алғыс айту мәдениетін қалыптастыру. Ашық сабақ барысында студенттер бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, позитивті атмосфера жасалды. Сонымен қатар, студенттер алғыс айту дәстүрінің өмірдегі мәні мен маңызын талқылады, мысалдар келтіріп, тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында пікірталас ұйымдастырылып, студенттер өз ойларын еркін жеткізді. Куратор қорытындысында алғыс айту мәдениетінің күнделікті өмірде қолданылуын және адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы рөлін атап көрсетті. Студенттер бұл сабақтан үлкен әсер алды және алғыс білдіру дәстүрін өз өмірінде қолдануға ниет білдірді.
Басқа жаңалықтар