«Өз даусыңды тап: әйел лидердің жолы» - көшбасшылық дәріс
2026 жылдың 4 наурыз күні Филология факультетінің 328 аудиториясында «Өз даусыңды тап: әйел лидердің жолы» тақырыбында көшбасшылық дәріс өтті. Дәрісті Журналистика факультеті Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасының аға оқытушысы Данченко Анна Александровна жүргізді.
Дәріс барысында әйел көшбасшылығының заманауи қоғамдағы рөлі, кәсіби даму жолындағы кедергілер мен мүмкіндіктер, жеке бренд қалыптастыру, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті және медиакеңістіктегі әйел дауысының маңызы жан-жақты талқыланды. Спикер өз тәжірибесіне сүйене отырып, студенттерге кәсіби ортада сенімділік таныту, жауапкершілік алу және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру жөнінде нақты мысалдар келтірді.
Анна Александровна өз жетістігіне жету жолын айтып, кез келген мақсатқа жету ең алдымен адамның өзіне, оның талпынысына, табандылығына және пайда болған мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға байланысты екенін атап көрсетті. Ол өзінің дамуына және мотивациясын сақтауға көмектесетін пайдалы дағдыларының бірі – оқу екенін айтты және студенттерге өзіне ұнайтын бірнеше кітапты ұсынды, мысалы: «Накопительный эффект» (Даррен Харди) және «Иди туда, где страшно. Именно там ты обретешь силу» (Джим Лоулесс).
Сонымен қатар, студенттерге қаржылық сауаттылық, өз қабілеттеріне сенімді болу, негативті пікірлерді елемеу және еңбекқорлықтың маңызы туралы кеңестер берілді.
Аталған дәріс студенттердің тұлғалық дамуына, өзіндік позициясын айқындауына және кәсіби бағдарын нақтылауына ықпал етті. Сонымен қатар, кездесуде айтылған идеялар өзара құрмет, тең мүмкіндіктер және әділ қоғам қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқытушы Серікқазықызы Ақбота, кафедра доценті Ляззат Маратовна, кафедра оқытушысы Ақжигитова Арайлым.
https://drive.google.com/file/d/12wlXXe3xJ6CX_1UfHV2Z-dUMEXSYMi7W/view?usp=sharinghttps://drive.google.com/file/d/12wlXXe3xJ6CX_1UfHV2Z-dUMEXSYMi7W/view?usp=sharing