Өндірістік тәжірибе болашаққа қадам
2026 жылдың 19 қаңтар – 28 наурыз аралығында «6В02209-Түркітану» мамандығының 4-курс студенттері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өндірістік практикадан өтіп жатыр. Студенттерге өндірістік практиканың маңызы, мақсаттары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, практиканы ұйымдастырудың талаптары мен ережелері түсіндіріліп, практикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға қажетті әдістемелік нұсқаулар ұсынылды. Студенттердің әрбіріне институт тарапынан жетекшілері тағайындалып, берілген тапсырмаларды орындауда. 2026 жылдың 28 ақпан күні студенттер арасында белсенді пікір алмасу өтіп, өндірістік тәжірибенің әртүрлі аспектілері талқыланды. 19 қаңтардан бастап орындаған тапсырмалары бойынша 28 ақпан күні презентация жасап есеп берді. Өндірістік тәжірибе студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға және өз мамандығына деген қызығушылықты оятуға септігін тигізері сөзсіз.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының өндірістік тәжірибе жетекшісі Кудьярова Ш.Т және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты.