Австриялық технологиялар мен туризмге арналған инфрақұрылымдық шешімдер
2026 жылғы 2–4 наурыз аралығында «Австриялық технологиялар мен туризмге арналған инфрақұрылымдық шешімдер» атты іс-шара өтті. Аталған шара аясында австриялық делегация Қазақстанға сапармен келді. Делегация құрамында іскерлік туризм және MICE-индустрияны дамыту саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық консалтингтік компания — ENITED Business Events болды. Компания халықаралық іс-шараларды өткізу бағытында қалалар мен елдердің әлеуетін арттыруға стратегиялық қолдау көрсетеді.

Іс-шараға "Туризм" және "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" мамандығының 3-курс студенттері қатысты. Студенттер халықаралық тәжірибемен танысып, туризм саласындағы заманауи технологиялар мен инфрақұрылымдық шешімдер туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар, MICE бағытын дамыту мәселелері бойынша кәсіби пікірталастарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.