«Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылық»Farabi University
Референдум 15 марта

«Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылық»

4 наурыз, 2026

2026 жылғы 4 наурыз күні әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылық» атты сараптамалық стратегиялық сессия өтті. Аталған іс-шараға Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қ.Р. Усеинова, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, з.ғ.к,. ассистент-профессор Д.А.Турсынкулова және профессор-оқытушылар құрамы — А.С.Ибраева, Н.Қ.Мынбатырова, А.Б.Сманова, С.Дарханова және А.Жайнақ қатысты.

 

Стратегиялық сессияда білім беру жүйесін одан әрі дамыту, академиялық басқарудың тиімді механизмдерін іске асыру және оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстарда жасанды интеллекттің қолданыс аясын кеңейту мәселелері қаралды. Сессияға қатысушылар жасанды интеллектпен тиімді жұмыс істеудің жолдарын, сапалы нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы сұраныстар (prompt) қалыптастыру дағдыларын игеріп, білім беру сапасын арттырудағы цифрлық технологиялардың әлеуетімен танысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша оқытушылар білім беру процесін цифрландыру, оқыту әдістемелерін жаңарту және студенттердің білім сапасын арттыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Мұндай стратегиялық кездесулер университеттің академиялық мәдениетін дамытуға, инновациялық білім беру ортасын қалыптастыруға және оқытушылардың кәсіби әлеуетін арттыруға елеулі ықпал етеді.