ТМД-ның үздік студентіFarabi University
Референдум 15 марта

ТМД-ның үздік студенті

18 ақпан, 2026

Еліміздің білімді де белсенді жастарын қолдауға бағытталған бастамалардың бірі – «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғы­лыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер акаде­мия­сының» ұйымдастыруымен өтетін халықаралық «ТМД үздік студенті» байқауы талаптарына толық сай деп танылып, Ақмарал Еркінова халықаралық «ТМД-ның үздік студенті» байқауының жеңімпазы атанды.

Ақмарал Еркінова – Әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ механика-ма­те­матика факультеті «Қолдан­балы математика» мамандығының 3-курс студенті. Ақмарал өзін жан-жақты дамыған, көшбас­шы­лық қабілеті жоғары студент ре­тінде танытып келеді. Ол қоғам­дық жұмыстарға белсене ара­ласып, жастар бастамаларын жү­зеге асы­­руға үлес қосуда. Қа­зіргі таң­да республикалық «Ал­ма­ты да­ры­ны» орталығының амбас­са­доры ретінде дарынды оқу­шы­лар­мен жұмыс істеп, олардың шы­ғар­ма­шылық әлеуетін да­мы­туға ат­са­лы­сып жүр. Сонымен қатар уни­вер­ситеттегі қоғамдық іс-ша­­раларды ұйымдастыру мен жүр­гізуде белсенділік танытуда.

Білім мен қоғамдық қыз­мет­тегі жетістіктері үшін Ақмарал Ер­кі­но­ва Алматы қаласының бұ­рын­ғы әкімі Ерболат Досаевтың, сон­дай-ақ Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Қасым-Жомарт То­қаев­­­тың алғыс хатта­ры­мен ма­ра­пат­талған.

Ақмарал Еркінованы 1-курстан белсенді студент екенін байқап, жетістіктеріне бағыт-бағдар бе­ріп, кәсіби тұрғыда қолдау көр­се­тіп келе жатқан куратор-эдвайзері – Лида Әбсұлтанқызы. 

Қоғамдық белсенділік пен із­де­ніске негізделген бағытта ең­бек етіп жүрген көшбасшы жастар ұлттық дамудың басты тіректеріне ай­налуда. 

Лида САҒЫМБАЕВА,

Математикалық және компьютерлік модельдеу

кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары