19 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму мақсаттарының 5-мақсаты — «Гендерлік теңдік» тақырыбына арналған іс-шара өтті. Іс-шараны «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 1-курс докторанттары Жемилева Мадина Маратовна мен Кая Раушан Алимкадировна доцент Таева Роза Масимкановнаның жетекшілігімен ұйымдастырды.

Іс-шара гендерлік стереотиптердің әлеуметтік мүмкіндіктердің қалыптасуына ықпалы туралы әлеуметтік бейнероликті көрсетуден басталды. Бейнероликтен кейін магистранттардың қатысуымен талдамалық пікірталас өтті.
«Gender Equality in Modern Society: Past and Present» тақырыбында Муса Айгерим мен Дауренбаева Аида баяндама жасап, гендерлік рөлдердің тарихи дамуы мен олардың қазіргі әлеуметтік кеңістіктегі өзгерістерін талдады.
«Gender Equality in Education» тақырыбын Билал Зере мен Айтжан Балжан таныстырып, білім беру саласындағы тең қолжетімділіктің тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті.
Іс-шара ашық академиялық диалог форматында өтіп, магистранттардың гендерлік саясат және Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мәселелері бойынша кәсіби рефлексиясын дамытуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар