Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы (СҒЗЖ) өз мәресіне жетті!Farabi University

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы (СҒЗЖ) өз мәресіне жетті!

5 наурыз, 2026

2026 жылғы 16-21 ақпан күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Экономика» кафедрасы ұйымдастырған «Цифрлық трансформацияның бизнес-процестердің тиімділігіне және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне әсері» тақырыбындағы халықаралық конкурс сәтті өткізілді

Конкурс студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға, цифрлық экономика саласындағы өзекті мәселелерді зерделеуге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Қатысушылар цифрлық трансформацияның кәсіпорын қызметіне әсерін, бизнес-процестерді оңтайландыру жолдарын және заманауи цифрлық технологиялардың тиімділігін ғылыми тұрғыдан негіздеп ұсынды.

Барлық қатысушыларға белсенділігі, ғылыми ізденісі және жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс білдіреміз!

I орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Тилеуберген Алтын, Иманғазы Мархаба, ғылыми жетекшілері э.ғ.к., профессор Даулиева Г.Р., аға оқытушы Кулиев И.О.

II орынға – 3 жұмыс

1)       Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, Богатырева Фатима, ғылыми жетекші э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Есжанова Ж.Ж.

2)       Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Таңатова Айна, Нургалиева Анастасия, ғылыми жетекшілері э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Утепкалиева К.М., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Адиетова Э.М.

3)       Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Л.А.Амангельдина, Г.И.Елубаева, ғылыми жетекші э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Иманбаева З.О.

III орын – 4 жұмыс

1)       Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті, Ниязов Ильмурат, Муса Дильара, ғылыми жетекші аға оқытушы Искакова П.А.

2)       Самарқанд экономика және сервис институты (Өзбекстан), Алимаматова Муслима, Саидахмедов Саиджалола, Мирзаахмедов Мирзие, Ортиков Фармонбой, ғылыми жетекші доцент Саттарова З.И.

3)       Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Урынгалиева Бибинур, Умирова Амина, ғылыми жетекшілері э.ғ.к., профессор Сабирова Р.К., аға оқытушы Дінғазиева М.Д.

4)       Нархоз университеті, Кайрат Дарын, Нурлан Еңлік, Ракышева Мадина, ғылыми жетекшілері э.ғ.к., доцент Жунісбекова Г.Е., аға оқытушы Кожекенова А.М.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы ғылыми жетістіктеріне сәттілік тілейміз!

Ғылым жолындағы алғашқы қадамдар – болашақ кәсіби табыстың негізі!

Экономика кафедрасы