«Әдебиет және өнер түрлері» атты ғылыми семинар
ТДМ №4 сапалы білім беру бағытында филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті Р. М. Әбдіқұлова «6B02306-Әдебиеттану» мамандығының 2 курс студенттеріне «Әдебиет және өнер түрлері» тақырыбында әдебиеттің өнер түрі сипатындағы ерекшеліктерін, оның басқа өнер түрлеріне философиялық-эстетикалық тұрғыдан ықпалдастығын теориялық-практикалық негізде танытып, түсіндіру мақсатында ашық ғылыми семинар өткізді.

Ашық семинарда әдебиеттің өнер түрі сипатындағы ерекшеліктері талқыланатындықтан семинарға танымал масатшы ақын Төрегелді Тұяқбай арнайы шақырылды. Ақынның масатшылық өнерінің табиғаты, поэтикалық ерекшеліктері жөнінде кафедра ұстаздары мен студенттер ой бөлісті. Ақынның масат жырларының өзгеше құрылымы студенттердің қызығушылығын тудырды. Студенттер ақын өлеңдерін оқып, талдауға, ақынның шеберліктерін тануға талаптанды. Ақынмен масатшылық өнер жайлы сұқбаттасып, қызығушылық сауалдар берді. Семинардың сөз өнерінің құбылыстарын танытуға ықпалы зор екені анық.