Наурыз айының 5-і күні филология факультетінде көктемнің шуақты мерекесіне орай «Арулар – әлемнің ажары» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бұл ерекше шара факультеттің ардақты ұстаздары мен студент қыздарына арналды. Кештің басты мақсаты – нәзік жандыларға құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы, отбасындағы және білім ордасындағы орнының ерекше екенін дәріптеу болды.

Мерекелік кеш әсерлі сәттерге толы өтті. Шара барысында студенттер өз өнерлерін ортаға салып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бірі ана туралы жүрек тебірентер өлең оқыса, енді бірі анаға арналған ән орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті паш ететін жырлар мен әсем әндер кештің мазмұнын байытып, қатысушылардың жүрегіне жылулық ұялатты.
Кеш барысында аруларға гүл шоқтары тарту етіліп, ізгі тілектер айтылды. Бұл сәт нәзік жандыларға деген ерекше ілтипаттың белгісіндей болып, қыздардың жүздеріне қуаныш сыйлады. Мерекелік кештің әрбір көрінісі көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
«Арулар – әлемнің ажары» атты бұл кеш факультет өміріндегі мәні зор, тағылымы мол шаралардың бірі болды. Мұндай игі бастамалар жастардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, оқу ордасындағы достық пен бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз.
Басқа жаңалықтар