Жұмысты да табасың, табысқа да жетесің!
Жұмысты да табасың, табысқа да жетесің!. Қазақ ұлттық университетінің «әл-Фараби» ғылыми кітапханасында дәстүрге айналған «Табысқа жету жолы» атты бос орындар жөрмеңкесі болып өтті. Қалалық әкімшіліктің тікелей ұйытқы болуымен барлық жоғары оқу орыңдарында өткізіліп отырған бос жұмыс орындары талай жастың таңдауына бағыт берді. Оқу бітірген жас маман қайда барады? Көбіне өзі білетін мекемелердің есігін қағары сөзсіз. Ал, бос орындар жәрмеңкесінде олар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге мүмкіндік алады. ҚазҰУ түлектері де бұл күні көкейлеріндегі сан-алуан сауалға жауап тапты.Жәрмеңкеде «КазАтомПром» АҚ, «ҚазТрансГаз», «Қазақстан Инжиниринг», «Атамекен» Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы, «Фудмастер», «Данон-Беркут», «APPLECityDistributors», «Филипп Моррис Казахстан», «Марс Казахстан», Қазақстан Ұлттық банкі, «Казкоммерцбанк», Қазақстан Халық банкі, «Сбербанк», т.б. қазақстандық және халықаралық компаниялардың бос жұмыс орындары, бағдарламалары және тренингтері ұсынылды. Жәрмеңкеге қатысушылар бос жұмыс орындарымен танысып, түйіндеме ұсынып, HR-менеджерлермен әңгімелесуден ете алды.Бос орындар жәрмеңкесі аясында жұмыс берушілердің қатысуымен табысты мансап құру жөніндегі мастер-класс, тренинг және семинарлар өткізілді.