«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты көрме
Тұрақты дамудың “сапалы білім мақсатын “ жүзеге асыру барысында
Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің арнайы шақыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өткен «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты көрменің ашылуына 1 курс стоматология және фармация мамандығының студенттері аға оқытушы, докторант Кудерина А.Н. жетекшілігімен қатысып қайтты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ мәдениетіндегі ұлттық құндылықтарды терең түсіну, әйел тұлғасының мәдени-рухани кеңістіктегі орнын таныту және жастардың тарихи санасын қалыптастыру болды.
Қазақ мәдениетінің ұлттық құндылықтары тақырыбын оқу барысында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру маңызды. Осы мақсатта ұйымдастырылған мәдени-танымдық іс-сапар барысында студенттер қазақ өнері мен мәдениетінде ерекше із қалдырған әйелдердің шығармашылық жолымен, олардың рухани мұрасымен танысты. Көрмеде ұсынылған сахналық және ұлттық киімдер, жеке заттар мен жәдігерлер арқылы қазақ әйелінің болмысына тән нәзіктік пен қайсарлық, даналық пен талғампаздық айқын көрініс тапты.
Мұндай мәдени іс-шаралар жастардың ұлттық мәдени мұраға деген құрметін арттырып қана қоймай, болашақ мамандардың дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды бағалай білуіне ықпал етеді.
Аталған шараға студенттер Алматы қаласы Музейлер бірлестігімен бірлесіп, аға оқытушы, докторант Кудерина Айжан Нұрхамитқызының ұйымдастыруымен қатысты.