Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңы және ақпараттық қауіпсіздік
ТДМ-4 Журналистиканың қоғамдық өмірге әсері жауапкершілігі, кәсіби парызы, шығармашылығы және шынайы жарияланымдары арқылы көрініс табады. Құқықтық мемлекетте ақпарат құралдарының қызметі сөз бостандығымен де тікелей байланысты десек, ешбір бостандық шектеусіз болмайды, ол тек құқықтық және этикалық жауапкершілікпен негізделуі тиіс. Осы ретте 2026 жылдың 6 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде «Медиаэтика» пәні аясында (дәріскер доцент Римма Жақсылықбаева) «Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңы және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында 3 курс студенттеріне ашық дәріс сабағы өтті. Дәріс барысында студенттерге журналистің жоғары мәдениеті, этика кодексін жіті сақтауымен қатар, ҚР «Масс-медиа туралы» Заңы журналистикасының басты нормативті құжаты екендігі ерекше аталып, маңызы нақты талдау арқылы сарапталды. Сондай-ақ, Заңдағы журналистердің құқығы мен міндетінің сипаты, редакция мен құрылтайшылар ара-қатынасын айқындайтын мәселелер, сондай-ақ, баспагерлер, бұқара, азаматтар ақпарат көздерімен арада болатын өмірде кездесетін мысалдармен көрсетілді.
Ашық дәріске қатысқан Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы Берікбол Төлеген, 1-курс PhD докторанты Әсем Пірмағамбет пікірсайыс барысында өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.
Басқа жаңалықтар