«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Таза бөлме – таза орта» сенбілігі
5 наурыз, 2026
2026 жылғы 5 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №9 Студенттер үйінде Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Аязбаева Б. Б.-ның бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бөлме – таза орта» тақырыбында сенбілік өтті.
Аталған шараның мақсаты – студенттер арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру және тұрғылықты ортаның тазалығын сақтау. Сенбілік барысында студенттер өз бөлмелерін ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Акция студенттердің жауапкершілігін арттырып, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
Басқа жаңалықтар
17 наурыз, 2026
17 наурыз, 2026