Студенттер арасындағы қаржылық сауаттылық: кіріс пен шығысты басқару мәдениеті
2026 жылғы 11 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде «Кіріс пен шығысты есептеу және қаржыны тиімді басқару» тақырыбында ақпараттық және кураторлық сағат өтті.
Іс-шараға факультеттің 2 және 4 курс студенттері қатысып, Исламдағы қаржылық сауаттылық мәселелері бойынша пікірталас жүргізді. Студенттер исламдағы қаржылық принциптерді, соның ішінде адалдық, зекет, қарыз және инвестиция мәселелерін талқылады.
Пікірталас барысында қатысушылар жеке қаржыны басқарудың моральдық және құқықтық аспектілерін қарастырып, нақты мысалдар келтірді. Студенттердің ой-пікірлері қаржылық сауаттылықтың қоғамдағы маңыздылығын айқындады. Іс-шара студенттердің білімін кеңейтіп, қаржылық шешімдерді саналы түрде қабылдауға бағыт берді.
Іс-шараны Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға кураторы Мұқан Нұрзат және Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Аязбаева Б.Б. ұйымдастырды.
Басқа жаңалықтар