05.03.2026ж. Филология факультеті «6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» 3-курс студенттерімен бірге ТДМ-ның 4-бағыты бойынша «Ана – тағдыр, ана - ғұмыр» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатын магистранттар: А.Айтбаева, және А.Жұмабайқызы ұйымдастырды. Іс-шара жылы лебіздермен басталды.
Ана…
Осы бір үш әріптен тұратын сөздің астарында тұтас ғалам бар.
Ана – тіршіліктің бастауы.
Ана – мейірімнің мекені.
Ана – шексіз махаббаттың символы.
«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың» деген сөз бар.
Тәрбие сағаты әсерлі “Ана” әуенімен жалғасты.
Сұрақ-жауапқа ұласты:
1. Ана дегенде ойларыңызға ең бірінші қандай сөз келеді?
2. Анаңыздың сізге берген ең маңызды тәрбиесі қандай?
3. Қазір сіз анаңыз үшін не істеп жүрсіз?
4. Егер бүгін анаңызға бір ғана сөз айту мүмкіндігі болса, не айтар едіңіз?
Тәрбие сағаты студенттерге ой салмақ мақсатында ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты терең суреттейтін «Пейіш» фильмінен үзінді көрсетілді. Фильм талқылау сұрақтарымен қорытындыланды:
1. Фильмдегі ананың басты қасиеті қандай?
2. Басты кейіпкердің орнында сіз болсаңыз, не істер едіңіз?
3. Фильм сізге қандай ой салды?
Қорытынды рефлексияға жалғасты:
Кейде біз үлкен жетістіктерге жетуді армандаймыз.
Бірақ сол жетістікке жеткенде ең бірінші қуанатын адам – ана.
Ал егер біз сүрінсек, ең бірінші жұбататын да – ана.
Тәрбие сағатында студенттерге «Анама хат» шағын қағаз таратылып, 3-4 минут ішінде ішкі сезімдерін жазумен қорытындыланды.
Тәрбие сағаты студенттерге үлкен ой салды. Болашақтарына бағыт-бағдар ұсынды.
Басқа жаңалықтар