- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы бойынша факультетаралық байланыс бойынша дәріс
«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы бойынша факультетаралық байланыс бойынша дәріс
2026 жылдың 5 наурызында Экономика және бизнес жоғары мектебі «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушы Г.И. Супугалиева 4-ші Тұрақты даму мақсаты «Сапалы білім беру», 8-ші Тұрақты даму мақсаты «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында факультетаралық байланыс бойынша Журналистика факультеті «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының «Медиакоммуникация» БББ-ның 1-курс студенттеріне «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.
Аталған дәріс университеттің тұрақты даму қағидаттарын қолдауға және білім алушылар арасында сапалы білім беру пен лайықты жұмыс және экономикалық өсу құндылықтарын насихаттауға бағытталды. Қаржылық сауаттылық — бұл жеке тұлғаның немесе қоғамның қаржылық құралдар мен қызметтерді дұрыс түсіну, тиімді пайдалану, сондай-ақ қаржылық шешімдер қабылдау дағдылары мен білімдерінің жиынтығы. Қаржылық сауаттылық адамдарға өз қаржысын дұрыс басқаруға, болашақта қаржылық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге, қаржылық мақсаттарға жетуге көмектеседі. Қаржылық сауаттылық тек қана ақшаны үнемдеуді немесе жұмсауды білдірмейді, ол қаржылық білім алу, қаржылық тәуекелдерді басқару, ақшаны жинақтау мен инвестициялау, сондай-ақ қаржылық өнімдер мен қызметтерді дұрыс таңдау қабілетіне ие болуды қамтиды. Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру білім алушыларға ұтымды қаржылық шешімдер қабылдауға, туындайтын қаржылық мәселелерді шешуге және қаржылық алаяқтықтарды уақтылы тануға мүмкіндік береді.
Дәріс шеңберінде білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдану, жинақтарды сақтау және көбейту, бюджетті сауатты жоспарлау, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру ақпараттарға ие болды. Қаржылық сауаттылықтың маңызын түсіндірілді. Қаржылық сауаттылық адамдарға өздерінің кірістері мен шығыстарын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді. Олар өзінің қаржылық жағдайын бақылап, дұрыс жоспарлар мен стратегиялар әзірлей алады. Қаржылық сауаттылық адамға жинақтар жасау, қарыздардан құтылу және өз қаржылық мақсаттарына жету жолында тиімді әрекет етуге көмектеседі. Бұл жеке тұлғаның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге негіз болады. Қаржылық сауаттылық қаржылық тәуекелдерді болжауға және олардан сақтануға көмектесді. Қаржы нарығында кездесетін түрлі тәуекелдерді түсіну және оларды басқару. Қаржылық сауатты адам несие алғанда, сақтандыру қызметін таңдағанда, инвестиция жасағанда немесе зейнетақы жинақтарын басқарғанда дұрыс шешімдер қабылдай алады. Бұл ретте қаржылық нарықтағы әртүрлі өнімдер мен қызметтерді салыстырып, оларды өз қажеттіліктеріне сәйкес таңдай алады.сқару адамға ақшасын қорғауға және жоғалту қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Қаржылық сауаттылық — бұл азаматтардың қаржыны тиімді басқару, қаржылық өнімдер мен қызметтерді дұрыс таңдау және қаржылық тәуекелдерді басқару дағдыларын меңгеруі, сондай-ақ қаржылық шешімдер қабылдауда жауапкершілікті сезіну қабілеті. Қаржылық сауаттылықтың арттыруы жеке адамдарға ғана емес, мемлекетке де маңызды экономикалық пайда әкеледі. Сондықтан бұл мәселеге мемлекеттің саясатында ерекше орын берілуі тиіс.
Дәріс оқу барысында барысында бюджетті жоспарлау, жеке кірістер мен шығыстарды басқару, үнемділік, инвестиция және жинақ жасау, сондай-ақ қаржылық дағдарысқа төтеп беру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Студенттерге нақты өмірлік мысалдар ұсынылып, өзекті қаржылық тақырыптар төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Басқа жаңалықтар