«Гендерлік теңсіздік: мәселелерді түсіну және теңдікті дамыту»
2026 жылдың 14 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы: Искакова Гульназ Нурдилдаевна және 1 курс докторанттары: Айтлеуова Алима Болаткызы, Баусариева Гулзада Туганбековна, Дауылова Динара Жакыпбековна, Өтетілеуова Әсел Жұмабайқызы, Чжан Сян және Чэнь Тяньсинь Тұрақты даму мақсаты аясында «Гендерлік теңдік» тақырыбы бойынша «Гендерлік теңсіздік: мәселелерді түсіну және теңдікті дамыту» атты тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара «6B02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің гендерлік теңсіздік мәселелері туралы түсініктерін кеңейту, гендерлік теңдік қағидаларын насихаттау және қоғамдағы тең құқықтар мен мүмкіндіктердің маңыздылығын түсіндіру.
Талқылау барысында қатысушылар ТДМ негізгі міндеттерімен танысты. Атап айтқанда:
— қоғамдағы гендерлік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою;
— әйелдер мен ерлер үшін білім беру мен еңбек салаларында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
— әйелдердің қоғамдағы, саясаттағы және экономикалық өмірдегі рөлін арттыру;
— гендерлік стереотиптерді азайту және тең құқықтық мәдениетті дамыту.
Іс-шара барысында студенттер гендерлік теңсіздіктің негізгі себептері мен оның қоғамға әсері туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар білім беру мен еңбек салаларындағы тең мүмкіндіктер мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Нархоз университетінің студенттері де қатысып, тақырып бойынша пікір алмасуға белсенді түрде қатысты. Қатысушыларға ситуациялық сұрақтар ұсынылып, олар гендерлік теңдікті дамыту жолдары туралы өз көзқарастарын білдірді.
Кездесу ашық диалог және белсенді талқылау форматында өтті. Студенттер гендерлік теңдік қоғамның тұрақты дамуының маңызды шарты екенін атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
аға оқытушы Искакова Г. Н.
1 курса докторанттары:
Айтлеуова А. Б.
Баусариева Г. Т.
Дауылова Д. Ж.
Өтетілеуова Ә. Ж.
Чжан Сян
Чэнь Тяньсинь
Басқа жаңалықтар