Тәжірибелі тәлімгерFarabi University

Тәжірибелі тәлімгер

10 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­те­ті­нің қара шаңыра­ғын­да білімі мен білігін ұштасты­рып, оқу ор­ны­ның дамуы­на өлшеусіз үлес қосып келе жатқан жандар аз емес. Солар­дың бірі – Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Білім беру үдерісінің ұйым­дас­тыру кеңсесінің бас маманы Гаухар Дәулетова.

Гаухар Жақсылыққызы 1968 жылы Шымкент қаласында дү­ниеге келген. Оның ҚазҰУ-мен байланысы 1986 жылы, био­ло­гия факультетінің Өсім­дік­тер физиологиясы және био­хи­мия­сы кафедрасында зерт­ханашы болып жұмыс іс­теу­ден бас­тал­ды. Сол кезде гео­графия фа­культетінің сту­ден­ті еді, от­ба­сылық жағ­дайы­­на байланысты оқу мен жұмыс­ты қатар алып жүруі оның жас­­тайынан жауап­кер­ші­лігі жо­­ғары, мақсатшыл және ең­бекқор болғанын аң­ғар­­тады. 1993 жылы «Геогра­фия» ма­ман­дығы бойынша оқу­ын та­мам­дап, география пә­ні­нің оқы­­тушысы деген ма­мандық алды.
Университетті бітіргеннен кейін Гаухар Жақсылыққызы ин­женер-метеоролог, кейіннен инженер-гидролог ретінде қыз­­­мет істеп, қоршаған орта­ның жай-күйін бақылау сала­сында тәжірибе жинақтады. Алайда оның негізгі қызметі білім беру ісін ұйымдастыруға арналды: 1995-2001 жж. био­логия факультеті деканатының жоғары санатты әдіскері, 2001-02 жж. Халықаралық маман­дық­тар институты оқу бөлімінің бастығы. Ал 2006 жылдан бас­тап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық мә­се­лелер жөніндегі департа­мен­тінде бас маман.
Гаухар Жақсылыққызы – жоғары білім беру жүйесінің нормативтік құжаттарын жетік меңгерген, ұйымдастыру­шы­лық қабілеті жоғары, талапшыл маман. Оның әр іске тия­нақ­тылығы, оқытушылар құрамы және студенттермен тиімді қа­рым-қатынас орната білуі әріп­тестері арасында үлкен құр­метке ие. Мінсіз қызметі үшін Гаухар Жақсылыққызы 2009 жылы Әл-Фараби атын­да­ғы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына ар­нал­ған мерекелік медалімен, ал 2024 жылы көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін «Ерен еңбегі үшін» меда­лі­мен марапатталды.
«Гаухар Жақсылыққызы – өз ісіне адал, кәсібилік пен адам­гер­шіліктің жарқын үлгісі», – дейді әріптестері.

Гүлзат ТАБЫН