06.03.2026 сағат 11.00-де 2-1 аудиторияда орыс филологиясы және әлемдік әдебиет кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ж.Х. Салханова және қытайлық докторант Хоу На басшылықтарымен «Гендерлік теңдік» атты 5-ТДМ талқылау өткізілді. Халықаралық 8 наурыз әйелдер күніне арналған іс-шара «Журналистика» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды. Студенттер Майлыбекова Гүльназ, Мақсут Ұлданай, Қулмырза Шапағат, Лесбай Інкар және басқалары Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі гендерлік теңдік проблемалары туралы айтып берді. Баяндамалар мен тұсаукесерлер Еуропа, Америка, Африка өңірлеріндегі гендерлік теңдік проблемаларына арналды. Студенттер Қабжан Әсель, Қуаныш Малика, Қуанышбекова Эльдана әлеуметтік сауалнама жүргізді. Кыдырбек Шынар талқыланатын тақырыпқа арналған журнал әзірлеп, таныстырды, болашақ журналистің кәсіби дағдыларын көрсетті. Студенттер Нұрдаулет Олжас, Рақым Дінмухамед, Хасан Аружан гендерлік, әділдік, теңдік терминдерінің мағынасын қарастырды. Викториналар мен слайдтар әзірленді. Іс-шара халықаралық деңгейде өтті, оған қытайлық докторант Хоу На қатысып, ҚХР-дағы әйелдердің жағдайы туралы баяндама жасады.
Ұйымдастырушы: Ж.Х. Салханова, Хоу На
Басқа жаңалықтар