- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттар: эстетика, поэтика және көркемдік парадигма
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттар: эстетика, поэтика және көркемдік парадигма
ТДМ 16 бағытына сәйкес қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы Б. Баязитовтың және филология ғылымдарының докторы Гүлжан Болатованың жетекшілігімен қаңтардың 25-і күні «Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанты Арыкбаев Багашар «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттар» тақырыбында ашық сағатын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студентке бүгінгі әдеби өмірде болып жатқан құбылысарды, жаңа шығармаларды, жаңа бағыттарды жан-жақты таныстыру, түсіндіру, мысал келтіру. ХХ ғасырдың соңында және ХХІ ғасырдың басында қазақ әдебиеті жаңа сапалық кезеңге өтті. Бұл кезең қазақ қоғамының тәуелсіздік алуымен, ұлттық сананың жаңғыруымен және жаһандық мәдени үдерістермен тікелей байланысты болды. Әдебиет қоғамдағы рухани өзгерістердің көркем көрінісі ретінде жаңа бағыттар, жаңа стильдер және жаңа көркемдік формалар қалыптастырды.

Студенттер өз кезегінде тәуелсіздік кезеңінен кейінгі қазақ әдебиеті жаңашыл ізденістермен, жаңа көркемдік формалармен және жаңа эстетикалық таныммен ерекшеленетінін айтты. Әдебиет қоғамдық өзгерістерді бейнелеп қана қоймай, жаңа көркемдік тәсілдер арқылы адам санасының өзгеруін де көрсетеді.
Бұл кезеңдегі әдебиетті зерттеу қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік эволюциясын, жаңа бағыттарын және эстетикалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сабақ интерактивті форматта өтті: сұрақ-жауап, топтық талдау, мәтіндік үзінділер бойынша пікір айту, авторлар концепцияларын салыстыру сияқты әдістер қолданылды.
Басқа жаңалықтар