«Tech for Future» хакатоны мен дөңгелек үстел отырысыFarabi University

«Tech for Future» хакатоны мен дөңгелек үстел отырысы

16 наурыз, 2026

2026 жылдың 16 наурызында Филология факультетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «Tech for Future» атты танымдық шара өтті. Бұл бастама ТДМ 9: «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» бағыты бойынша студенттердің инновациялық әлеуетін арттыруға және заманауи технологиялық шешімдерді талқылауға бағытталған.

     Шара барысында Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Ж.Ж. Әбікенова «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенттерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесуде индустрияландыру үдерісінің экономикалық өсуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға тигізетін әсері жан-жақты талқыланды. Студенттер цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және автоматтандыру сияқты инновациялық бағыттардың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

    Талқылау барысында болашақ мамандар өздерінің инновациялық идеяларын ұсынып, ғылыми жобаларын таныстыруға дайын екендіктерін көрсетті. Бұл іс-шара студенттердің тұрақты дамуға бағытталған заманауи шешімдерді игеруіне және болашақ маман ретінде қоғамның технологиялық дамуына өз үлестерін қосуға дайындалуына септігін тигізді.

      Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Әбікенова Жанар, кафедра оқытушылары және «6В01704 - Шетел тілі: екі шетел тілдері» 2-курс студенттері.