«Су – тіршілік көзі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел
2026 жылғы 18 наурызда сағат 16.00-де ZOOM платформасында «ТДМ 6. Таза су және санитария» тұрақты даму жобасы аясында «Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: су ресурстарының тиімді, үнемді пайдаланылуын және санитарияның болуын қамтамасыз ету; ауыз суды ұқыпты пайдалануға назар аудару; суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенттері, медицина және денсаулық сақтау факультетінің нигериялық студенттері, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің шетелдік студенттері қатысты.
Білім алушылар ХХІ ғасырдың күрделі экологиялық мәселесі – су тапшылығының себептері мен салдарлары, Қазақстанда, Нигерияда және бүкіл әлемде суды тазарту және су ресурстарын сақтау, су тапшылығын төмендетуге арналған нақты шаралар туралы презентациялар дайындап ұсынды. Презентация соңында қатысушылар осы тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, өздерінің ойларын білдіріп, тұрмыста суды үнемдеудің тиімді әдістерін ұсынып, пікірталасқа белсенді атсалысты. Нәтижесінде, су тапшылығы, ауыз суды ұқыпты пайдалану, ауыз су сапасының адам денсаулығына әсері, ауыз су көздерін қорғаудың маңыздылығы тақырыбы аясында өзекті мәселелер талқыға түсіп, қорытындыланды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Кайракбаева Г.С., Есенаманова К.М., Карабаева Б.Н., Мырзабаева А.Ж.
Видео материалдарға сілтеме:
https://1drv.ms/v/c/89f507e5fd34017c/IQAFBBxv_d7ARJyN7IfxZY03AX_twfCx7VXTn62F41sxmbc?e=EZq1se
Басқа жаңалықтар