«Студенттік өмір және заңды тәртіп: жауапкершілік пен этика» тақырыбында студенттермен кездесуFarabi University

«Студенттік өмір және заңды тәртіп: жауапкершілік пен этика» тақырыбында студенттермен кездесу

17 наурыз, 2026

2026 жылғы 17 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-нің Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №8 Студенттер үйінде «Студенттік өмір және заңды тәртіп: жауапкершілік пен этика» тақырыбында студенттермен бейресми кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және этикалық нормаларды сақтау маңыздылығын түсіндіру болды. Жиын барысында студенттік өмірдегі тәртіп ережелері, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ күнделікті қарым-қатынастағы әдептілік пен өзара құрмет мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары, аға оқытушысы Газиз Гульнур Газизкызы қатысып, студенттермен еркін форматта пікір алмасты. Ол өз сөзінде студенттердің тек білім алып қана қоймай, қоғамның белсенді әрі жауапты мүшесі ретінде қалыптасуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, заңды тәртіпті сақтау мен академиялық адалдық қағидаларын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог орнады. Мұндай бейресми кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.